АМАНДЫҚ БАТАЛОВ РОЖДЕСТВО МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ІЗГІ ТІЛЕГІН БІЛДІРДІ

Уақыты: 07.01.2021
Оқылды: 1203

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Рождество мерекесіне байланысты құттықтау-лебізін білдірді. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

"Құрметті облысымыздың православиелік тұрғындары! Сіздерді Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Бұл шуақты мереке адамдарды мейірімді болуға, игі істер жасауға ұмтылдырып, адамгершілік қағидаларын дамытып, қоғамда рухани құндылықтардың орнығуына зор ықпал етіп келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап-ақ елімізде толеранттылық пен конфессияаралық диалог басым бағыттардың бірі ретінде қалыптасты.

Қазақстанның бейбітшілікті бетке алған теңдессіз даму жолы әлем қауымдастығы алдында бірліктің жарқын үлгісіне айналды. Бүгінгі күні өзге конфессиялармен бірге православие қауымы да өңірдің дамуына, тұрақтылық пен келісімді нығайтуға елеулі үлес қосуда. Ал Рождество достық пен өзара сыйластықтың мерекесі деп саналады. Осының бәрі әлеуметтік-экономикалық дамуымызға, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға, ертеңгі күнге деген сенімнің артуына ықпал етіп отыр.

Рождество күні баршаңызға зор денсаулық, шаттық пен бақыт тілеймін. Мереке әр шаңыраққа молшылық, ізгілік пен мейірім сыйласын! Жүректеріңіз жылылыққа, көңілдеріңіз шуаққа толсын!" - деді Амандық Баталов.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"