ЖҮГЕРІДЕН ҚАНТ ӨНДІРУГЕ БОЛАДЫ. КӨПШІЛІКТІ ТАҢ ҚАЛДЫРҒАН ҰСЫНЫС

Уақыты: 26.07.2022
Оқылды: 1899
Бөлім: ОН САУСАҚ

Жаркент крахмал-сірне зауыты қантқа деген қажеттіліктің бір бөлігін жүгері шәрбатымен өтеуді ұсынып отыр.

Бұл дақылдың құрамында 75 пайызға дейін қант бар. Сондықтан, өнімді өндірістік мақсатта, яғни, табиғи қант алмастырғыш ретінде пайдалануға болады. Осы ретте Жаркент крахмал-сірне зауыты еліміздегі ірі кондитерлік фабрикалар мен сусын шығаратын зауыттарды қажетті өніммен қамтамасыз етуде. Жылына 75 мың тонна жүгері сірнесін дайындайды. Алдағы уақытта қуатын екі есе ұлғайтқалы отыр.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев осы бағыттағы жоба-жоспарлармен танысты. «Мәселен, елімізде қант тұтыну көлемі 550 мың тонна болса, соның жартысы - өндірістік сұраныс. Бұл қажеттіліктің негізгі бөлігін Жаркент крахмал-сірне зауыты өтеуге қауқарлы. Ол үшін жаңа желі ашып, кәсіпорынды кеңейту көзделіп отыр. Қазір зауыт жылына 120 мың тонна жүгеріні 97 пайызға дейін тереңдетіп өңдеп, 28 түрлі өнім шығаруда. Кәсіпорынды кеңейту аясында 200 мың тоннаға дейін жүгері қабылдау жоспарда бар», - делінген әкімдік хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"