Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

КЕГЕНДЕ ЖАРТЫ ЖЫЛ ІШІНДЕ 138 АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Уақыты: 05.08.2022
Оқылды: 1008

Кеген ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасын жүзеге асыруда көптеген игілікті іске ұйытқы болып келеді.

Биылғы жылы кәсіптік-техникалық біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етуге 50 адам жоспарланса, 6 айдың ішінде 27 адам кәсіптік оқуға жіберілді. Бұл, негізінен, Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінде жүргізілуде. 6 айдың ішінде 4 азаматқа «Жаңа бизнес» идеяларын іске асыруға арналған 4 миллион 901 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді.

Үстіміздегі жылдың 6 айында жобаға сәйкес субсидияланатын жұмыс орындары негізінде 149 адам қоғамдық жұмысқа, 11 маман жастар тәжірибесіне, 31 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 8 адам алғашқы жұмыс орнына жіберілді. Мерзімді уақыт ішінде жұмыс іздеуші ретінде тіркелген 607 адамның 442-і жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 138 адам тұрақты жұмысқа орналасып кеткенін орнымен айтқан жөн.

Ауданда 158 жұмыс қабілетін жоғалтпаған мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Қазіргі таңда 3 мекемеде квота бойынша белгіленген 13 орында 3 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыс істеп жүр. Үстіміздегі жылдың 6 айында жұмыс іздеуші ретінде 25 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген болатын. Қазіргі таңда солардың ішінен 7 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. 14 адам қоғамдық жұмысқа, 1 адам жастар тәжірибесіне тартылды. 2022 жылдың 6 айында пробация қызметінің есебінде тұратын 6 азамат тіркеліп, оның ішінде төртеуі жұмысқа орналасты. 1 адам қоғамдық жұмысқа тартылса, 1 адам кәсіптік білім алуға жіберілді.  6 айдың ішінде 264 жаңа жұмыс орны ашылды.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Кеген ауданы

Алматы облысы