Балық өсіру кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысы екі есе өседі

Уақыты: 11.04.2023
Оқылды: 1423
Бөлім: ОН САУСАҚ

Мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындарының қызметкерлерінің жалақысы екі есеге өседі, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындарының қатардағы қызметкерлерінің жалақысы шамамен 90 мың теңгені құрайды, бұл Қазақстандағы ең төменгі жалақыға жақын.

Балық өсіру кәсіпорындарындағы жұмысшылардың қызметінің ерекшелігі мен ауыр физикалық еңбегін ескере отырып, қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесі шындыққа және олардың саланы дамытуға қосқан үлесіне сәйкес келмейді.

Осыған байланысты, тұрақты еңбек ұжымын қалыптастыру және жас мамандарды тарту арқылы кадрлық әлеуетті нығайту үшін кәсіпорындардың салалық қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесі пысықталды.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап жалақының 2 есе өсуі күтілуде.

Сурет ғаламтордан алынды