ӨКІЛДІК АШЫЛДЫ: СТУДЕНТТЕРДІ ДЕ КӘСІПКЕ БАУЛУ ҚАЖЕТ

Уақыты: 20.11.2019
Оқылды: 1269
Бөлім: ОН САУСАҚ

Талдықорғанда облыстық кәсіпкерлер палатасы және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің мұрындық болуымен Жастар жылы аясында «StartUp ZHGU» академиясы жанынан облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдігі ашылды.

Мұндағы мақсат - университетте жастар кәсіпкерлігін дамыту, ғылыми және инновациялық әлеуетті жүзеге асыру, жас ғалымдар мен кәсіпкерлерлікке ұмытылысы бар жастар арасында стартап жобаларын дайындау. Осы мақсатта жас ғалымдар мен жасы 29-дан аспаған, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер арасында «Жетісу Стартап - 2019» инновациялық идеялар мен стартап-жобалар байқауының ашылуы өтті.

- Бұл жоба студенттер мен жас кәсіпкерлердің іс ашып, жобаларды жүзеге асыруына ықпал етеді. Сондай-ақ, әлеуетті арттырып, қажетті кеңестер алуға мүмкіндік береді. Жас кәсіпкерлердің санын көбейтуге де септігін тигізеді деп санаймыз, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Дәурен Оңалбаев.

Кеңсенің ашылу салтанатында грант алып, өз ісін бастаған «Бастау-бизнес» жобасының түлектері де өз жетістіктерімен бөлісті.

Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды