БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ: КӘСІП АШАМЫН ДЕСЕҢІЗ, МҮМКІНДІК КӨП

Уақыты: 27.12.2019
Оқылды: 1103
Бөлім: ОН САУСАҚ

Бүгінгі таңда кәсіпкерлерді қолдаудың ең танымал тетіктерінің бірі несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау. Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының облыс бойынша аймақтық филиалының  директоры Қанат Әлібеков айтты.

Кәсіпкерлер несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды төмендегі бағдарламалар бойынша жүзеге асыра алады. Олар «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Қарапайым заттар экономикасы», «Төмен көміртекті дамыту үшін тұрақты қалалар» БҰҰ Даму бағдарламасы, «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы. Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы ерекше сұранысқа ие. Себебі, ол өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бұл бағдарлама шағын және орта бизнеске кешенді қолдау көрсету үшін құрылды. 

Субсидия мөлшері 40 пайыздан 50 пайызға дейін құрайтын несие/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау 5 жылға дейінгі мерзім, несиенің мақсаты – инвестициялар мен айналым қаражатын толықтыруға және қайта қаржыландыруға арналған. Ағымдағы жылы «Қарапайым заттар экономикасы» басымдық берілген  жобаларды несиелеу тетігі бағдарламасы басталды. Мемлекет осы бағдарламаны жүзеге асыруға 600 миллиард теңге бөлді. Субсидияланған мөлшерлеме – 9 пайыз. Мұнда кәсіпкер үшін соңғы мөлшерлеме жылдық 6 пайызды құрайды. Субсидиялау мерзімі 7 жылға дейін.

Қолдауды өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторларында жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер ала алады. «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» Қазақстан қалаларындағы энергосервис бастамаларын қолдау бағдарламасы шеңберінде жобаларды субсидиялау. Бағдарлама шарттары бойынша субсидиялау мөлшері 10 пайызды құрайды. Субсидиялау мерзімі 3 жыл, 6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен. Осы бағдарлама бойынша энергия үнемдеу немесе энергия тиімді жобаларды іске асыру саласымен айналысатын кәсіпкерлер қатыса алады. Энергия үнемдеу және парниктік газдар шығарындыларын азайту әлеуеті бар. 

Тұрғын үй ғимараттарын салуды жоспарлайтын және несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендеткісі келетін жеке құрылыс салушылар «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын пайдалана алады. Осы бағдарлама шеңберінде субсидиялау мөлшері 7 пайызды құрайды. Субсидиялау мерзімі 3 жылға дейін. Осы ретте жеке құрылыс салушы салынған тұрғын үйдің кемінде 50 пайызын ұсынуға міндетті. Онда 1 шаршы метр үшін сату бағасы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында – 260 мың теңгеге дейін, ал қалған аймақтарда – 220 мың теңгеге дейін. 

Мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланған кәсіпкерлер несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шағын және орта бизнес үшін жақсы көмек екенін айтады. Сонымен бірге «Даму» қоры кәсіпкерлерге несие беру кезінде ең өткір мәселелердің бірі – кепіл мүлкінің жетіспеуін шешуге көмектеседі. Кепілдендіру жаңа несиелер үшін несие сомасынан 85 пайызға дейін, қолданыстағы несиелер үшін 50 пайызға дейін беріледі. 

Айта кетейік, «Даму» қорында кез келген істі жаңа бастаған және бизнесі бар кәсіпкерлерге егжей-тегжейлі кеңестер беріледі және екінші деңгейлі банктер шешім қабылдағанға дейін жобаларын сүйемелдеу бойынша қызметтер тегін көрсетіледі. Анықтама телефондары: 8 (7282) 55-87-10.

Әлия НҰҒЫМАНОВА,

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Алматы облысы бойынша аймақтық филиалының бас менеджері