"NUR JOLY" ОРТАЛЫҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА 450 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АУДАРДЫ

Уақыты: 08.02.2022
Оқылды: 1461

Алматы облысындағы көлік-логистикалық орталығы «Қазақстан халқына» қорына 450 миллион теңге аударды.

Алматы облысының Панфилов ауданында орналасқан «EUROTRANSIT NUR ZHOLY» ЖШС аталған қорға 450 миллион теңге жіберді. Кәсіпорынның негізгі қызметі астықты қоспағанда, азық-түліктік емес тауарларды сақтау болып табылады. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылады. Кешеннің жалпы аумағы 25 гектарды құрайды. ЖШС үш сегменттен тұрады: кеден-қойма, экспедиторлық-логистикалық және инфрақұрылымдық қызмет көрсету. Бұл тауарлар алмасу көлемін, өткізу қабілетін және еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«EUROTRANSIT NUR ZHOLY» компаниясымен бірлесіп тағы 6 ірі компания «Қазақстан халқына» қорының шотын 2,4 миллиард теңгеге толтырды. Кейіннен Қазақстан кәсіпкерлері мен тағы бірнеше кәсіпорыннан қорға 1,2 млрд.теңге аударылған. Салымшылардың тізімі қор сайтында тұрақты түрде жарияланады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"