БАЛАЛАР ҮЙІНЕ ҚҰНДЫ КІТАПТАР СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ - ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 20.10.2022
Оқылды: 1268

25 қазан – Республика күніне орай Алматы облысының «Қоғамдық келісім» мекемесі «Кітап сыйла» акциясын ұйымдастырды.

Балалардың ой-өрісін кеңейту, азаматтық және әлеуметтік дүниетанымды қалыптастыру мақсатында қазақ жеріндегі өзге этностардың тарихы туралы кітаптар «Айналайын» балалар үйіне сыйға тартылды.

Осындай акциялар кітаптың өзекті сыйлық болып қала беретінін және тіпті озық технологиялар дәуірінде де өз құндылығын жоғалтпайтынын көрсетеді. «Айналайын» балалар үйінің қызметкерлері «Қоғамдық келісім» мекемесіне өз ризашылықтарын білдірді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"