«Қайрымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбаныш болып сүрінгенді сүйеу, мұқтаж жандардың демеу болу - халқымыздың бойына сіңген асыл қасиет.
ҚР ҰҚК Шегара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Жедел-техникалық бөлімінің бастығы полковник Ермек Ұлтанбековтің мұрындық болуымен тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға қайырмдылық жасау шарасы ұйымдастырыды.
Майор Жанна Өмірова, кіші сержант Айдархан Бимурзанов, ефрейтор Талғат Сембаевтан құрылған топ үй-үйді аралап, алдын ала жасалған тізімге сай әр үйге азық-түлік тауарларын таратты. Қамкөңіл жандар әскери қызметшілердің тарапынан жасалған қамқорлықтары үшін шын жүректен ризашылықтарын білдірді.
Жедел-техникалық бөлімінде Панфилов ауданы, Головацкий ауылының әлеуемттік аз қамтылған жанұяларына көмек қолын созу үрдісі бұрыннан қалыптасқан.
"Жетісу-Ақпарат"