ТАЛДЫҚОРҒАНДА БЕЛГІСІЗ КӘСІПКЕР ТОННАЛАП ТЕГІН КӨМІР ТАРАТТЫ

Уақыты: 01.02.2020
Оқылды: 1472

Талдықорғандықтарға және қалаға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына тегін көмір таратылды. Бұл туралы "Талдықорған" газетінің сайты жазды.

Игі істі жасаған кәсіпкер есімін жария етуді құп көрмеген. Ол екі күн қатарынан 1000 тоннадан астам сапасы жақсы «Шұбаркөл» көмірін халыққа тегін таратып берді. Ал әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың тізімін жасауға Талдықорған өңірінің имамдары атсалысыпты. Айтуларынша, мұндай қайырымдылық шарасы мешіт жамағатының қатысуымен алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"