ПАНФИЛОВ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Уақыты: 06.04.2020
Оқылды: 1352

Панфилов ауданының полицейлері Мемлекет басшысының "Біз біргеміз" атты Үндеуін қолдап, Жаркент қаласындағы әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

- Жеке құрамнан төтенше жағдайға байланысты күнкөрісі нашар және көпбалалы отбасыларға жәрдем беру туралы ұсыныс түсті. Бүгін бірнеше көпбалалы және әлеуметтік жағдайы қиын отбасыларға көмек көрсеттік. Оларға азық-түлік жеткізілді. Қашықтан оқыту жүйесі енгізілгендіктен жағдайы төмен отбасының мектеп жасындағы жасөспіріміне смартфон табыс етілді. Қиын шақта қолдау көрсеткен аудандық полицияның жеке құрамына ризашылығымды білдіремін. Игі шараны қолдан келгенше жалғастырамыз, - деді Панфилов аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жамбыл Бакетов.

Қоғамның белсенді өкілдері, кәсіпкерлер мен блогерлер тарапынан да санитарлық шараларды қамтамасыз ету мақсатында құрылған бекеттердегі полицейлер мен медицина қызметкерлеріне алғыс айтылуда.

Текелі қаласының жас кәсіпкері мен жергілікті блогері қала аумағының санитарлық күзетінде тұрған бекеттегі қызметкерлерге тұрғындар атынан алғыс айтып, пиццалар мен сусындар табыстады.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары індетті жеңу үшін әрбір адам сақтық шараларына үлкен жауапкершілікпен қарауы қажет екенін ескертеді. Облыстағы сақтық шараларына түсіністікпен қарап, қоғамдық орындарда бетпердесіз жүрмегендеріңіз дұрыс.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"