МАҚТААРАЛ: ОН ЖЫЛ БҰРЫН СУ БАСҚАН ҚЫЗЫЛАҒАШТЫҚТАР ДА КӨМЕК ЖӨНЕЛТТІ

Уақыты: 14.05.2020
Оқылды: 1189

Осыдан 10 жыл бұрын Ақсу ауданы, Қызылағаш елді мекені де су тасқынының астында қалған еді. Бұл жолы Түркістан облысы, Мақтаарал ауданын тілсіз жау аяқасты басып, талай тұрғынды әбігерге түсірді.

Қызылағаш тұрғындары он жыл бұрынғы ауыр оқиғаны ұмытқан жоқ. Тілсіз жаудың зардабын тартқан тұрғындар мақтааралдықтардың күйін жақсы түсініп, қиын сәтте қол ұшын созды. Қызылағаш тұрғындары алдыңғылардың ізін жалғап, су басқан Мақтаарал ауданына гуманитарлық көмек жөнелтті.

Барлық қажетті тауарларға жалпы сомасы 1,5 миллион теңге қаржы жұмсалды.

Игі бастаманы іске асырушы Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылының тұрғындары 500 литр сұйық май, 100 тіс пастасы мен иіс сабын, 50 қап 25 кг қант, кеспе, су, тәттілер мен жеміс-жидектер, 50 қап ұн және де 3 мал басын жөнелтті. Қызылағаштықтардың жәрдемі Мақтааралға жуық арада жетеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"