БІЗ БІРГЕМІЗ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ ҚАПШАҒАЙДАҒЫ МҰҚТАЖ ЖАНДАРДЫ ҚУАНТТЫ

Уақыты: 17.05.2020
Оқылды: 1002

Әлемді алаңдатқан індетке байланысты бүгінгі таңға дейін Қапшағай өңірінде 342 отбасына азық-түлік түрінде көмек берілді.

Соның бірі - Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Қапшағай қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық керуенінің қолға алынуы. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен еріктілердің қатысуымен "БІЗ БІРГЕМІЗ" акциясы жалғасын табуда.

Қайырымдылық керуені аясында 70-тен астам отбасына әлеуметтік азық-түлік ұсынылады. Айта кетер сәт, мұндай көмекке аз қамтылған отбасылар, мүгедектер, жалғызбасты қариялар мен көпбалалы отбасылар енгізілген. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Қайырымдылық керуенін бастаған барша жомарт жүрек азаматтарға қапшағайлықтардың алғысы шексіз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Қапшағай қаласы