ӘКІМДЕРДІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛАРЫ 20 ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Уақыты: 23.05.2020
Оқылды: 1244

Алматы облысының аудан, қала әкімдерінің баспасөз хатшылары 20 отбасыға қайырымдылық көмегін көрсетті.

Баспасөз хатшылары жиналған қаражатқа Еңбекшіқазақ ауданының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік азық-түлік пакетін таратты.

- Қазіргі қиын-қыстау кезеңде біздің ұжым аз да болсын жинаған 213 мың теңгеге 20 отбасын қуантты. Кәсіпкерлер, қайырымды жандар ел бойынша көптеген отбасына көмек көрсетіп жатыр. Біз де өзіміздің қолымыздан келгенді жасауға тырыстық, - дейді Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Динара Төлемісова.

Айта кету керек, төтенше жағдай кезінде аудан бойынша 56 миллионнан астам қаржыға 6607 отбасыға әлеуметтік азық-түлік пакеті таратылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"