АУЫЛ АЗАМАТТАРЫ НАУҚАСТАРҒА ҚОЙДЫҢ ЕТІ МЕН ҚЫМЫЗ ҮЛЕСТІРДІ

Уақыты: 17.07.2020
Оқылды: 1649

Алматы облысы Ақсу ауданы Б. Сырттанов ауылының азаматтары әрдайым жақсылық жасауға жаны құмар жандар. Небір игілікке бағытталған қайырымды істердің басы-қасында жүреді. Әсіресе, жеке шаруалар қожалықтары мен жастары. 

Дастан Өмірзақұлы, Ерболат Тасболат, Қалқаман Самалбек, Ұлан Мұқатаев сынды жеке шаруашылық иелері бастаған ауыл кәсіпкерлері мен  округ жастарының мұрындық болуымен Б.Сырттанов ауылы мен Қопа ауылынан 40 отбасыға 50 литр қымызды ауыл еріктілері таратып берді. Сонымен қатар Ақсу аудандық орталық ауруханасына 1 қойдың еті мен 50 литр қымызды науқастарға үлестірді. 

Ауыл азаматтарының қауіпті індет кезінде аудан жұрты үшін атқарған игі істері көз қуантады. Әрдайым қайырымдылық жасап, қолындағысын бөліп беруге дайын тұратын жомарт жандар ауданда аз емес. Бұл игілікті шара әлі де өз жалғасын табатыны сөзсіз.

Еңлік ҚАБДЕШ