ҚАЗА БОЛҒАНДАР БАР: ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖАРЫМ ТҮНДЕ БЕС КӨЛІК СОҚТЫҒЫСТЫ

Уақыты: 06.04.2021
Оқылды: 1090
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Іле ауданының орталығы - Өтеген батыр кентіне кіреберіс жерде жантүршігерлік жол апаты тіркелді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Жылдамдықты тым асырған Lexsus RX300 жүргізушісі белгісіз себеппен Покровка ауылы мен Өтеген батыр арасындағы жолда қарсы бағытқа шығып кетіп, Volkswagen Golf көлігіне соқтығысқан. Соққы алғаннан кейін Volkswagen қарсы бағыттағы жол жиегіндегі темір қоршауға барып соғылған. Lexus онымен тоқтамай, қарсы бағыттағы жолда келе жатқан Pontiac Vibe көлігін бір түйреп өтіп, жылдамдығын төмендете алмаған күйі Audi-100 көлігін қоса соққан. Қатты соққыдан Audi аударылып қалды. Одан кейін Lexus барып Hyundai Accent көлігін соғып, аударылған.

Апат салдарынан алдын ала мәлімет бойынша үш адам қаза тапқан. Audi-де отырған жүргізуші мен мен оның қасында отырған жүкті әйел оқиға орнында қайтыс болған. Кейінірек Hyundai жүргізушісі де жан тапсырды деген ақпарат расталды. Жол апатына байланысты құзырлы мекемелер тергеу жұмысын бастады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"