АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДА ЖЕР СІЛКІНІСІ ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 09.04.2021
Оқылды: 923
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 11 сағат 54 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Райымбек ауданында. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Нақтырақ айтқанда, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 290 шақырым жерде, Райымбек ауданының таулы аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.8. MPV магнитудасы 4.0. Эпицентрдің координаттары 42.54° с.ш. 79.57° в.д. Тереңдігі - 15 шақырым. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Алматы облысы төтенше жағдай департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, полиция департаментін, "Қазселденқорғау", прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті. Сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, қираулар мен құрбан болғандар туралы хабарлама түскен жоқ.

Алматы облысының ТЖД жер сілкінісі кезіндегі әрекеттердің тәртібі туралы мына ережелерді қаперде ұстауды ескертеді:

- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз;
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;
- жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жағуға болмайды;
- сымдарға қол тигізбеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"