АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КОВИД ЖҰҚТЫРҒАН 21 АДАМНЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР

Уақыты: 10.04.2021
Оқылды: 837
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында өткен тәулікте 369 адамнан коронавирус анықталды. Бір күнде 277 адам коронавируспен ауруханаға жатқызылды. Жалпы, аймақта 21 адамның жағдайы ауыр. Облыс әлі де "қызыл аймақта". Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде, Талдықорған қаласында - 101, Талғар ауданында – 41, Жамбыл ауданында – 36, Панфилов ауданында – 32, Қарасай ауданында – 31, Еңбекшіқазақ ауданында 24, Қаратал ауданында - 21, Көксу ауданында - 18, Іле ауданында - 15, Текелі қаласы мен Кербұлақ ауданында 9 жағдайдан, Райымбек ауданында - 7, Ұйғыр ауданы мен Қапшағай қаласында - 6 жағдайдан, Балқаш ауданында - 4, Кеген ауданында - 3, Алакөл, Сарқан аудандарында 2 жағдайдан, Ақсу, Ескелді аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.

Ауруханаларда 2274 адам ем қабылдауда, соның 21-нің жағдайы ауыр. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 53 пайызға толды. Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша 119 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"