ТАЛҒАРДА ЕСІРТКІ ШЕГІП, КӨЛІК БАСҚАРҒАН ЖҮРГІЗУШІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Уақыты: 25.04.2021
Оқылды: 2266
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талғарда көлік жүргізу құқығынан айырылған, есірткіге масаң күйдегі жүргізуші ұсталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Полиция қызметкерлері құжаттарды тексеру барысында жүргізуші  куәлігінен айырылған және көлік құралын алкогольдік масаң күйде қайта басқарған жүргізушіні анықтады.

Жол қауіпсіздік ережелері мен қоғамдық тәртіпті қадағалау барысында Талғар аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлерінен құралған «Беркут-224» экипажы 25 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Volkswagen Golf» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында ол өзін жайсыз сезінген. Артынша, медициналық куәландыру кезінде оның есірткіге масаң күйде екені анықталды. Сонымен қатар, жүргізушінің 2020 жылдың маусым айында автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы белгілі болды.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес тіркеліп, автокөлік айып тұрағына қойылды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Енді ол қылмыстық іс жүргізу тәртібінде өз әрекеттері үшін жауап беретін болады.

Полиция барлық жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға және алкогольдік ішімдік ішпеуге шақырады, себебі, бұл әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. "Жол қозғалысы қатысушыларына қауіп төндірмей, өздеріңізді сақтаңыздар!" - дейді полиция өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"