ДЕМАЛЫС КҮНІ 220 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ: ОБЛЫСТАҒЫ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 26.04.2021
Оқылды: 1273
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында індет бойынша 26 сәуірдегі ақпарат жарияланды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Алматы облысында бүгінге дейін 20 226 зертханалық расталған КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде, 11 750-і симптомды оқиға. 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ-мен сырқаттанушылық көрсеткіші 946,3-ті құрады.

Облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны соңғы 2 аптада 1,4-тен 1,2 пайызға дейін азайды. Соңғы тәулікте КВИ-дың 220 жағдайы тіркелді. Соның ішінде, Талдықорған қаласында - 69, Ұйғыр ауданында – 19, Еңбекшіқазақ ауданында - 18, Іле ауданында – 17, Панфилов және Талғар аудандарында 15 жағдайдан, Жамбыл ауданында – 11, Алакөл ауданында – 10, Кербұлақ ауданында – 8, Қарасай, Сарқан аудандары мен Текелі қаласында 7 жағдайдан, Балқаш және Ескелді аудандарында 6 жағдайдан, Көксу ауданында – 4, Кеген ауданында 1 жағдай тіркелді. Өңір әлі "сары аймақта".

Ауруханаларда 2578 адам ем қабылдауда, соның 53-нің жағдайы ауыр. Бір тәулікте 207 адам ауруханаларға ем қабылдауға жатқызылды. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 54 пайызға толған. Індет жұқтырғандардың ішінде 177 симптомдық және 43 симптомсыз жағдай бар. Бір тәулік ішінде стационардан 49 науқас шығарылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды