ТАЛДЫҚОРҒАНДА БІР ТӘУЛІКТЕ 102 АДАМ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚТЫ

Уақыты: 28.04.2021
Оқылды: 1186
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Өткен тәулікте Алматы облысында 268 адамға коронавирус диагнозы қойылды. Өңірде барлығы өткен жылдан бері коронавирусқа қатысты 20 мың 758 дерек тіркелді. Вирустың өршуі, әсіресе, Талдықорған қаласында қатты байқалады. Мұнда бір күнде 102 адам індет жұқтырған. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Індет жұқтырудың өсім деңгейі Алматы облысында 1,3 пайызды құрап отыр. Соның ішінде Талдықорғанда - 102, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарында - 28-ден, Іле ауданында - 19, Жамбыл ауданында - 17, Панфилов ауданында - 16, Қарасай ауданында - 15, Көксу ауданында - 11, Балқаш ауданында - 8, Ескелді ауданында - 7, Қаратал, Алакөл аудандарында, Текелі қаласында - 4, Ұйғыр ауданында - 3, Сарқан ауданында - 2 жағдай анықталды. Олармен 538 адам байланыста болған, барлығы да үй карантинінде, медициналық бақылауда. 

Өткен жылдың тамызынан бері анықталмаған пневмонияның 3636 дерегі анықталды, соңғы тәулікте 39 адам өкпе қабынуына шалдықты. Олар Қарасай (20), Іле (12), Еңбекшіқазақ (7) аудандарында. Олармен 49 адам байланыста болған, барлығы да үй карантинінде.

Бүгінге дейін ПЦР тәсілімен 598 мың 899 адам тексерілген, ал соңғы 3 күнде тексерілген адам саны - 7755.

Ауруханаларда барлығы 2459 адам ем алуда, соның ішінде, 50 адамның хал-жағдайы ауыр. Бір тәулікте ауруханаға 272 адам түскен. Жазылып шыққандар - 377 адам. Инфекциялық төсек-орындар жүктемесі - 51,2 пайыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан