ТАЛДЫҚОРҒАНДА "ЖАСЫЛ ПАТРУЛЬ" ЕРІКТІЛЕР ТОБЫ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Уақыты: 01.05.2021
Оқылды: 1532
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласындағы “Жасыл патруль” еріктілер тобы «Қаратал» шағынауданындағы Студенттер үйінің ауласына жасыл желектер отырғызып, тағы бір болашақ іске жол ашты.

Студенттер үйі алдына 10 түп өрік, 10 түп шие ағашы отырғызылды. Жас шыбықтар ары қарай еріктілердің қадағалауында болады. Бүгінгі жастар ертеңгі елдің тұтқасын ұстағанда бұл шыбықтар да мәуелі ағашқа айналары сөзсіз. Экологиялық еріктілер тобының бұл ісі басқа жастарға да үлгі болатынына бек сенімдіміз.

Қажет АНДАС

Алматы облысы