ТАЛҒАРДА СИЫР ҚАҚҚАН ЖҮК КӨЛІГІ АУДАРЫЛЫП, БІР АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Уақыты: 03.05.2021
Оқылды: 895
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талғарда жүк көлігі сиырға соқтығысып, 33 жастағы жолаушы мерт болды. Қайғылы оқиғаны Алматы облысының полиция департаменті растады.

Алдымен осы оқиғаға қатысты бейнежазба тарады. Жол апаты Талғар ауданында тіркелді. «HYUNDAI HD 270» жүк көлігінің жүргізушісі батыс бағытта Ақбұлақ-Талғар тасжолы бойында үш сиырды қағып кеткен. Салдарынан оқиға орнында 33 жастағы жүк көлігінің кабинасында отырған жолаушы мерт болды», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті өкілдері. Аталған жол апаты бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"