АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА ТАУДАН АҚҚАН ӨЗЕН ТАСЫП, КӨПІРДІ ҚҰЛАТЫП ӘКЕТТІ

Уақыты: 03.05.2021
Оқылды: 1523
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алакөл ауданындағы көпірді су шайып кетті. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

«Алакөл ауданы аумағындағы облыстық маңызды бар Қабанбай-Лепсі автомобиль жолындағы көпірді су шайып кетті. Оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Таудан аққан өзен суының шамадан тыс көтерілуінен көпірдің бір жақ шетін шайып кетті», - делінген аудан әкімдігі таратқан хабарламада.

Қазіргі кезде «Алакөл жолдары» және «СПМ-306» мекемелерінен 6 техника жеткізілген. Қажетті мамандар жұмылдырылып, көпір қайта қалпына келтіріліп жатыр. Аталған көпірдің құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші - Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мердігер мекеме «СМП-306» ЖШС мекемесі. Алдын ала мәліметтер бойынша, көпірдің бұзылуына байланысты зардап шегушілер жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"