ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫС БОЙЫНША 70 АДАМ ІНДЕТТЕН ҚҰЛАН-ТАЗА АЙЫҚТЫ

Уақыты: 04.05.2021
Оқылды: 1243
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында өткен тәулікте 180 адамнан коронавирус анықталды. Сондай-ақ, аймақ бойынша 70 адам жазылып шықты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде, Талдықорған қаласында - 68, Талғар ауданында – 32, Еңбекшіқазақ ауданында - 17, Қарасай ауданында – 13, Іле ауданында – 10, Панфилов ауданында – 9, Жамбыл және Қаратал аудандарында - 8, Ескелді ауданында – 7, Ақсу ауданында – 6, Кербұлақ және Ұйғыр аудандарында 1 жағдайдан тіркелді. Ауруханаларда 2502 адам ем қабылдауда, соның 50-нің жағдайы ауыр. Бір тәулікте 158 адам ауруханаларға ем қабылдауға жатқызылды. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 51,2 пайызға толған.

Өткен тәулікте облыс бойынша 70 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Соңғы 3 күнде 6864 адамның сынамалары ПЦР зертханаларында тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 294 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан