БАЛҚАШТА ЖАБАЙЫ ШОШҚАНЫҢ ЕТІН АРҚАЛАҒАН ТАҒЫ БІР АҢШЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 17.05.2021
Оқылды: 2060
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Балқаш аудандық полиция бөлімі орман шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторларымен және «Майтан» қорық инспекторларымен бірлесіп, «Нерест» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Шара аясында Балқаш ауданы Қараой ауылынан 55 шақырым жерде, сойылған жабайы шошқа етімен 21 жастағы жергілікті азаматты ұсталды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексі 337-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Айғақ зат ретінде жергілікті тұрғыннан сойылған шошқа еті алынды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының аумағында биологиялық ресурс объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ, бұрын жасалған экологиялық қылмыстарды ашу, балық қорғау органдарына балық қорларын сақтауда көмек көрсету мақсатында «Нерест» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"