АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖЕҢІЛ КӨЛІК ОТҚА ОРАНЫП, ЕКІ ЖОЛАУШЫ ЖАНЫП КЕТТІ

Уақыты: 04.06.2021
Оқылды: 1071
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы-Қорғас жолында жеңіл автокөлік отқа оранып, ішінде отырған екі жолаушы жанып кетті. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға орнынан әлеуметтік желілерде бейнежазба тарады. «Кешкі сағат 17:59-да Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне (ТЖД) Еңбекшіқазақ ауданында «Алматы-Қорғас» автожолының 82-нші шақырымында жеңіл автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 4 қызметкері мен 1 техника шықты. Жақын жердегі өрт сөндіру бөлімінен қашықтық 45 км құрады. Өрт орнында, автокөлік салонында 2 жолаушының жанып кеткен денесі табылды», - деді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Төтенше жағдай қызметінің өкілдері азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"