КӨКСУДА 38 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫН АЛАҢСЫЗ ЕСІРТКІ ӨСІРУМЕН АЙНАЛЫСҚАН

Уақыты: 06.06.2021
Оқылды: 1932
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Көксу ауданының 38 жастағы тұрғыны бақшасында есірткі өсірді деген күдікпен ұсталды.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің бақшасынан 5633 түп қарасора тәркіленген. Қазір осы факт бойынша тергеу басталды. «Арнайы сараптамамен тәркіленген заттың есірткі екені дәлелденді. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, бақшасында есірткіні өсірген Көксу ауданының 38 жастағы тұрғыны «Дәрмек» жедел-алдын алу шарасы барысында қолға түсті. Есірткіге қарсы бағытталған мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"