АЛДАҒЫ ЕКІ КҮНДЕ ӨЗЕН-КӨЛДЕР ТАСУЫ МҮМКІН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЕСКЕРТЕДІ

Уақыты: 25.07.2021
Оқылды: 1077
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде маңызды ақпарат жариялайды.

25-27 шілде күндері Алматы облысының таулы өңірлерінде жоғары температуралық фонға байланысты көлбеу ағындардың қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Сонымен қатар, өрт қаупі сақталады. Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады.

Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"