ЖАРКЕНТ ТАУЛАРЫНДА ЖЕР ДҮМПУІ БАЙҚАЛДЫ: ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ЕСКЕРТЕДІ

Уақыты: 15.09.2021
Оқылды: 1056
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті Панфилов ауданында жер сілкінгенін хабарлады.

Жер дүмпуі таңғы сағат 04.19 шамасында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 286 шақырым қашықтықта, Панфилов ауданының таулы аймағында (Сарыбел ауылынан 3 шақырым қашықтықта) байқалған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9. MPV магнитудасы - 4,2. Координаттары 44*70 солтүстік енде, 79*81 шығыс бойлықта, тереңдігі - 15 км. Жерасты дүмпуі балдық көрсеткіш бойынша анықталмаған.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті ғимараттардың қирағаны және қаза тапқандар туралы ақпарат әзірге түспегенін айтты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"