ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІ: ТІРКЕУДІҢ АЯҚТАЛУЫНА 10 КҮН ҚАЛДЫ

Уақыты: 20.09.2021
Оқылды: 907
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Президенттік жастар кадр резервіне құжаттарды қабылдау 30 қыркүйек күні аяқталады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып отырған ауқымды жоба биыл екінші рет өткізілуде. Іріктеу нәтижесінде республика бойынша 50 азамат резервке алынады. Осы айдың 1-і күнінен бастау алған құжаттарды қабылдау кезеңіне еліміздің 2000-нан астам жасы қатысуға ниет білдірген.

Негізгі талаптары да қиын емес. Кандидаттың жасы 35-тен аспауы тиіс, кемінде 5 жыл еңбек өтілі және жоғары білімі болуы қажет. Бұдан бөлек, мемлекеттік тілді меңгеруі «орта деңгейден» (В1) төмен болмауы тиіс.

Тиісті құжаттарды жүктеу және жобаға қатысуға өтініш білдіру арнайы әзірленген онлайн платформа (pkrezerv.gov.kz) арқылы жүзеге асырылады.

Іріктеудің негізгі кезеңдері 2 қазаннан бастау алады және ол туралы толық ақпаратты pkrezerv.gov.kz сайтынан немесе pkrezerv.gov.kz инстаграмм парақшасынан оқып, танысуға болады.

Егер сен еліміздің дамуына өз үлесіңді қосқың келсе, онда жобаға қатыс. Өзіңе берілген мүмкіндікті жіберіп алма!

С.ТАРАҚОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істерігі агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы