ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЕКІ ГЕКТАР АУМАҚТЫ ЖАЛЫН ШАРПЫДЫ

Уақыты: 21.09.2021
Оқылды: 1167
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Еңбекшіқазақ ауданының таулы аймағында шөп өртенді. Тілсіз жау 2 гектар аумаққа жайылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Өрт Түрген ауылы маңында болған. Өрт шыққаны туралы шұғыл ақпарат кешкі сағат 18:59-да келіп түскен. Оқиға орнына Есік қаласының өрт сөндірушілері жедел аттанған. Өртті сөндіруге төтенше жағдай департаментінен және орман шаруашылығынан барлығы 25 адам, бірнеше техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Шөптің неден жанғаны белгісіз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"