СОТ ПЕН АССАМБЛЕЯ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ҚАНДАЙ? СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

Уақыты: 21.09.2021
Оқылды: 1071
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қоғамдық медиаторлардың біліктілігін арттыру, медиация институтын дамыту мақсатында Алматы облысының Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында медиаторлар үшін семинар-тренинг және шеберлік сыныбы өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді. 

Тренинг этносаралық тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуда интеркультурализмнің, медиацияның рөлі және денсаулық сақтау, еңбек қатынастары саласындағы медиация бағытын дамыту тақырыптары  бойынша өтті.

Ассамблея ұлтаралық саланы реттеу функциясынан қоғамдық қатынастар саласына біртіндеп ауысатын жоғары орган болып саналады. Айта кету керек, сот жүйесі мен ҚХА арасындағы өзара іс-қимылды құру бағытындағы жұмыс 2016 жылғы 30 маусымда басталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыхалықтық институт ретіндегі басты міндеті - қоғамдық келісімді және тұрақтылықты нығайту, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.

Бұрын «азамат - қоғам - отбасы» моделі болған, қазір ол «азамат - қоғам - азамат» моделіне айналды. Осыған байланысты азаматтық қоғамды дамыту институты қазір маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда медиаторлар ізгі ниеттің елшілері болып саналады.

- Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасының мақсаты одан әрі өрлеу, қазақстандық патриотизм қағидаттары негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді, ұлтты тұрақты жаңғыртудың, сондай-ақ, интеркультурализм саясатының біріктіруші рөлі болып табылады, - деп атап өтті медиация кабинетінің жетекшісі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры, заңгер, жаттықтырушы-медиатор Бақыт Чингаева.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"