Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ТОҒЫЗ ҚАБАТТЫ ҮШ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 24.09.2021
Оқылды: 1063

Талғарда тоғыз қабатты үш үйдің құрылысы басталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Талғар ауданында келесі жылы 200-ден астам отбасы жаңа баспанаға қол жеткізеді деп күтілуде. Пәтердің жалпы саны - 216. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқын алып, екі үйдің іргетасын құятын шұңқыры қазылып қойды. Енді бір үйдің шұңқырын қазу жұмыстары жүріп жатыр.

Жаңа пәтерлер “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында “Шаңырақ”, “Бақытты отбасы”, “7-20-25” бағдарламалары аясында кезекте тұрған аудан тұрғындарына беріледі. Сондай-ақ, ауданда тағы да  5 үйдің құрылысы жоспарланған. Құрылыс Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіхановтың жеке бақылауында болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"