Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҚАПШАҒАЙДА БАЛЫҚ АУЛАУҒА ШЫҚҚАН ЕКІ ЖІГІТ СУҒА АҒЫП КЕТЕ ЖАЗДАДЫ

Уақыты: 24.09.2021
Оқылды: 2032

Қапшағай су қоймасында тағы екі адам құтқарылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.
 
Сағат 14-50-де Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Қапшағай су қоймасына балық аулауға резеңке қайықпен аттанған 2001 және 2002 жылы туған екі жастың ГЭС құрылысы жағына қарай ағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
 
Шақырту орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары моторлы қайықпен жіберілді. Оқиға орнына келген қызметкерлер Қапшағай ГЭС-і бөгетіне қатты ағыспен келіп тіреліп, сол жерден шыға алмай қалған екі жас жігітті анықтады. Олар бөгеттің құрылысына көтеріліп, көмек күтті. Жастар аман-есен құтқарылып, жағаға жеткізілді. Онда олармен судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді.

Осыған байланысты Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік шаралары мен жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"