Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

КӨКСУ АУДАНЫНДА ГАЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 14.10.2021
Оқылды: 575

«BSP GROUP LTD» ЖШС газ компаниясының бәсекелестік талаптарын өрескел бұзған белгілері анықталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне Көксу ауданы Балпық би ауылының абоненттеріне газ қосуда «ST GAS» ЖШС жүргізген құрылыс-монтаж жұмыстарынан кейін «BSP GROUP LTD» ЖШС-нің газды қосудан бас тартудағы заңсыз әрекеттеріне қатысты «ST GAS» ЖШС-нің өтініші келіп түсті.

Бұл ретте «BSP GROUP LTD» ЖШС Көксу ауданы, Балпық би ауылында тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау қызметтерін көрсетеді. Өтініш беруші ұсынған бейнематериалдарды зерделеу кезінде «BSP GROUP LTD» ЖШС қызметкерінің абонентке егер абонент «ST GAS» ЖШС-не газды қосу үшін жүгінген жағдайда оған газ қосылмайтындығын жеткізгендігі анықталды.

Бұл жағдай «BSP GROUP LTD» ЖШС әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 177-бабында көзделген жосықсыз бәсекелестік белгілерінің болуын, атап айтқанда, бәсекелеске бойкот жариялауға шақыруды көрсетеді.

«BSP GROUP LTD» ЖШС-нің атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуды тоқтату туралы хабарлама шығарылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"