ҚАТТЫ БОРАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ САРЫӨЗЕК-КӨКТАЛ АВТОЖОЛЫ ЖАБЫЛДЫ

Уақыты: 17.11.2021
Оқылды: 1757
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кешкі сағат 17.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, бұрқасын жел) "Сарыөзек - Көктал" республикалық маңызы бар автожолында (45-68 шақырым аралығы) барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.

Бұл ақпаратты Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті растады. Төтенше жағдай қызметкерлері азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"