ҚАР, ЖЕЛ, ТҰМАН: АУА РАЙЫНА ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 25.11.2021
Оқылды: 1027
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты ескерту жариялады.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде 26-28 қараша күндері Алматы облысы тауларында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Сондай-ақ, Жалаңашкөл аумағында да оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін барады. Облыстың солтүстігін бөлігін тұман басады.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеуге болатынын ескертеміз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"