ҚОҚЫСТАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛАМЫЗ? ЭКОЛОГТАРҒА ГЕОСЕРВИСТІҢ ЖАҢА ОПЦИЯСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Уақыты: 06.12.2021
Оқылды: 1283
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазақстан Ғарыш сапары «Ұлттық компаниясы» АҚ қызметкерлері Алматы облысы бойынша экология департаментінің және мүдделі мекемелердің мамандарына ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің геосервис құралдары мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ, қалдықтар мен пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру орындарына барып, Waste View және Waste Edit мобильді қосымшаларын пайдалану бойынша оқыту өткізді.

Оқыту барысында waste.gharysh.kz және nedro.gharysh.kz сайттарының мүмкіндіктері, қалдықтарды орналастыру немесе кәдеге жарату туралы деректерді сапалы толтыру мақсатында геосервистің барлық опциялары түсіндірілді. «Қазақстан Ғарыш сапары «ҰК» АҚ қызметкерлері ұялы телефон арқылы геосервистің жұмысын көрсетті.

Департамент және мүдделі мекемелердің мамандары туындаған сұрақтарын қойып, геосервисті жақсарту бойынша ұсыныстар берді. Сондай-ақ, департаментпен «Қазақстан Ғарыш сапары «Ұлттық компаниясы» АҚ қызметкерлері және ЖАО өкілдерімен, Талдықорған қаласының және Ескелді ауданының рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау, алдын алу бойынша іссапар жұмыстары жүзеге асырылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"