Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

КЕШЕ 14 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ. ОБЛЫСТАҒЫ ЭПИДАХУАЛ

Уақыты: 07.12.2021
Оқылды: 668

Алматы облысындағы эпидахуалдың 7 қарашадағы жаңа мәліметі жарияланды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Қазіргі таңда Алматы облысында зертханалық расталған 57 439 жағдай тіркелген, оның ішінде 42 942 жағдай симптомды болып отыр. Бұл - індет басталғаннан бергі ресми көрсеткіш.

Соңғы екі аптамен салыстырғанда Алматы облысы бойынша індеттің өсу қарқыны 0,1 пайыздан 0,04 пайызға дейін төмендеді. Соңғы аптада өсімнің ең жоғары қарқыны Ақсу, Алакөл, Іле, Кербұлақ, Көксу, Сарқан аудандарында және Қапшағай қаласында байқалды.

Соңғы тәулікте Алматы облысында 14 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде, біреуі бала.

Аудан-қалаларға бөлсек, ковид көрсеткіші мынадай: Алакөл - 2, Еңбекшіқазақ - 1, Ескелді - 1, Жамбыл - 1, Қарасай - 1, Қаратал - 1, Кербұлақ - 1, Көксу - 1, Сарқан - 1, Талғар - 1, Талдықорған қаласы - 3.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"