ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ДӘРЕТХАНАНЫҢ ІШІНЕН ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТ ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 24.01.2022
Оқылды: 1170
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қарасай ауданында биодәретханадан жарылғыш зат табылды.

"Табылған арнайы құралдың құқық қорғау қызметкерлері пайдаланатын граната екені анықталды. Қазіргі уақытта гранатаның табылған жері тексеріліп жатыр", - деді Алматы облысы полиция департаменті өкілдері.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"