ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ АНТИКОРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Уақыты: 15.04.2022
Оқылды: 2162
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«АNTIKOR ORTALYGY» жаңартылған форматта "оффлайн" жұмыс режиміне көшті. Сондай-ақ, аталған орталық студенттерге Ашық есік күнін ұйымдастырды.

«ANTIKOR ОRTALYǴY» алаңында өткен іс-шараға Жетісу университетінің студенттері қатысты. Жоғары оқу орны студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттарымен, құқық қорғау қызметіне жұмысқа орналасу жайлы ақпараттармен танысты.

Экскурсия барысында процессуалдық офицер А.Ізғұттиева азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарау тәртібін түсіндірді.

Өз кезегінде департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев «ANTIKOR ОRTALYǴY» азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында оларды кедергісіз қабылдау үшін ашық алаң болып табылатынын атап өтті. Спикердің айтуынша, мұндай іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің имиджін арттыруға, сондай-ақ, жас, сауатты және мақсатты мамандарды тартуға бағытталған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"