ҚАПШАҒАЙ МАҢЫНДАҒЫ КӨПІРГЕ ЖҮК КӨЛІГІ "ІЛІНІП ҚАЛДЫ". ЖҮРГІЗУШІ ЖАРАҚАТТАНДЫ

Уақыты: 16.04.2022
Оқылды: 718
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Алматы - Өскемен" тас жолының 62 шақырымында, Қапшағай маңындағы жол учаскесінде HOWO жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жүк көлігі көпірге "ілініп қалған".

"Жүргізуші жүріп келе жатқанда көлік кузовы кездейсоқ көтеріліп кеткенін түсіндірді. Көлік көпірдің жиегін іліп кетіп, онда ілініп тұрған билбордты бүлдірген. Салдарынан жүк көлігінің алдыңғы доңғалағы көтеріліп, тікесінен тұрып қалған", - делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Көпірдің тірегі зақымдалмаған. Медициналық тексеруден өтіп жатқан 48 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі жарақат алған.

Жол-көлік оқиғасына сәйкес, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабы, яғни, "Көлік құралдарының, жолдардың, жол және басқа да құрылыстардың бүлінуіне немесе материалдық залал келуіне әкеліп соққан жүргізушінің жол ережелерін бұзуы" бойынша хаттама толтырылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"