АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ АУА РАЙЫ ЕКІ КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ

Уақыты: 24.04.2022
Оқылды: 1335
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында ауа райына қатысты ескерту жарияланды.

"Қазгидромет" РМК ескертуінің негізінде 24-25 сәуір күндері Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күн күркіреп, найғазай түсуі мүмкін. Жаңбыр соңы нөсерге ұласып, бұршақ жаууы ықтимал және дауыл соғу қатері күтіледі. Оңтүстік-батыстан және солтүстік-шығыстан қатты жел соғады, желдің екпіні 17-22 м/с-қа дейін жетеді. Алакөл аумағында желдің екпіні 27 м/с-қа дейін барады.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға алуға және сақтануға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"