НАЙЗАҒАЙ, БҰРШАҚ, ЖЕЛ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БҮГІНГІ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

Уақыты: 25.04.2022
Оқылды: 1273
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты тағы да ескертеді.

"Қазгидромет" РМК негізінде 25 сәуір күні Алматы облысының оңтүстігінде күн күркіреп, найзағай ойнайды. Қатты жаңбыр күтіледі, ал таулы және тау бөктеріндегі аудандарда бұршақ жаууы ықтимал, сондай-ақ, дауыл соғу қатері күтіледі. Оңтүстік-батыстан және солтүстік-шығыстан ауыспалы жел соғады. Желдің екпіні 17-22 м/с-қа дейін жетеді. Ал Алакөл аумағында желдің екпіні 30 м/с-қа дейін барады.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"