АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ӨЗЕНДЕР ТАСЫП, СЕЛ ЖҮРУІ МҮМКІН - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 26.04.2022
Оқылды: 1558
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райының өзгеруіне байланысты сақтық шараларын ұстануға шақырады.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде 26 сәуір күні Алматы облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда аралас жауын-шашын болжамына байланысты сел жүруі мүмкін. Өзендерде су тасуы ықтимал.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға алуға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"