АЗАПТАП ӨЛТІРУ ФАКТІСІ БОЙЫНША ЕКІ ПОЛИЦЕЙ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ - ТАЛДЫҚОРҒАН

Уақыты: 26.04.2022
Оқылды: 1402
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қаңтар оқиғасына байланысты Талдықорған қаласының тұрғыны Алмас Мұқашевтың өліміне қатысты құқық қорғау органдарының екі қызметкері қамауға алынды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет басшысының орынбасары Елдос ҚИЛЫМЖАНОВ айтты.

Алмас Мұқашев Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған. Марқұмның жақындары тергеу кезінде тыйым салынған әдістер қолданылғанын, көптеген дене жарақаты салынып, салдарынан дені сау адамның көз жұмғанын мәлімдеген болатын.

«Нақты осы кезеңде, яғни, 6-8 қаңтар аралығында азаматтардың қаза болу фактілері тіркелді. Оның барлығы бойынша тергеу жүріп жатыр. Мұқашевтың өліміне әкеп соққан ұрып-соғу фактісі бойынша тергеу ісімен арнайы прокурорлар айналысып жатыр. Осы іс бойынша соттың санкциясымен құқық қорғау органдарының 2 қызметкері қамауға алынды», - деді Е.Қилымжанов журналистерге берген сұхбатында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"