МАМЫР АЙЫНЫҢ БАС КЕЗІНДЕ 2000-НАН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТЕДІ - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 28.04.2022
Оқылды: 1331
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мерекеге толы мамыр айы жақындап қалды. Бұл айда республикада Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі, Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні тойланады.

Облыста мамыр мерекелері ауқымды түрде аталып өтеді. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар 1 мамырға дейін облыстың қалалары мен аудан орталықтарында кітап көрмелері ұйымдастырылады. Жас ұрпақ үшін челлендждер мен флэшмобтар басталады. Спектакльдер қою, жанды музыка кеші, жас ұрпаққа арналған форумдар жетісулықтар назарына ұсынылады. Сонымен қатар, облыс орталығында, Жастар саябағында Қазақстан халықтары Ассамблеясының қатысуымен фестиваль өтеді.

Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Керімбектің айтуынша, биыл Қазақстан халқының бірлігі мерекесі жаңа Қазақстанның мұраттары мен құндылықтары төңірегінде ұлтты ұйыстыру ұранымен өтеді.

Айта кету керек, облыста Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеудің бірыңғай алгоритмі қолданылады. Осыған байланысты іс-шаралар жоспары әзірленді және жұмыстар жүргізілуде.

Мерекеге арналған іс-шаралар жоспары аясында әр түрлі деңгейдегі және форматтағы 2000-нан астам іс-шара, тақырыптық кітап көрмелері, білім беру мекемелеріндегі сабақтар мен кураторлық сағаттар өтеді. Сондай-ақ, халықтың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін фотоконкурстар, форумдар мен фестивальдар, кездесулер, әлеуметтік мекемелердегі қайырымдылық акциялары, концерттік бағдарламалар, челлендждер, спорттық жарыстар және басқа да көңілді кештер ұйымдастырылады. Мұнымен қоса тыл ардагерлері мен соғыс ардагерлеріне Жеңіс күніне орай бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. Жалпы, мамыр айының мерекелері Талдықорған қаласында кең көлемде аталып, қала тұрғындарына көңілді күй сыйламақ. Қаланың демалыс аймақтарының барлығында шаралар болады.

Анар САБЫРОВА

Алматы облысы