ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА АУЫЛ МАҢЫНАН ОҚ-ДӘРІ МЕН ГРАНАТА ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 27.04.2022
Оқылды: 1430
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының көлік полицейлері Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған оқ-дәрілерді тапты.

Алматы облыстық көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, жедел ақпаратты тексеру кезінде Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылының маңынан 5,45 мм калибрлі 59 патрон мен 1 граната табылып, тәркіленді. Бұларды Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қаскүнемдер ұрлап кеткен. «Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы (оқ-дәрілерді заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп атап өтті полиция генерал-майоры.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"