ЭКОЛОГИЯ ТАЛАБЫН БҰЗҒАНДАРДАН 18 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ӨНДІРІЛДІ

Уақыты: 29.04.2022
Оқылды: 1168
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы бойынша экология департаменті басшысының басқаруымен жиналыс өткізілді. Аталған жиналыста департаменттің  2022 жылдың 1 тоқсаны бойынша қорытындысы талқыланды.

2022 жылдың 1 тоқсаны бойынша ҚР экологиялық заңнамасының сақталуы бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерге барлығы 34 тексеру жүргізілді, оның 10 жоспардан тыс, 5 профилактикалық бақылау және 19 бақылаудың өзге нысаны тәртібімен жүргізілген тексеріс. Нәтижесінде, жалпы сомасы 18 110 321 теңгені құрайтын 27 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде, 16 425 671 теңге 25 айыппұл ерікті түрде өндірілді. Сомасы 1 684 650 теңгені құрайтын 2 айыппұл орындалу үстінде. Тексеріс нәтижиелері бойынша ҚР экологиялық заңнамасын бұзу деректерін жою туралы 25 нұсқама шығарылды.

Экологиялық кодекстің 418-бабының 3-тармағына сәйкес, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілердің немесе 2021 жылғы 1 шілдеге дейін өздеріне қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындылары берілген, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес арнайы табиғат пайдалану субъектілері болып танылған, пайдалануға берілмеген объектілердің операторлары тиісті объектілерді осы Кодекстің ережелеріне сәйкес І, ІІ, III және IV санаттарға жатқызу мақсатында 2021 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге міндетті. Ол үшін арнайы портал әзірленген. Портал арқылы санатты анықтау тек электронды түрде жүзеге асырылады.

I санаттағы объектілерге 2022 жылдың 20 сәуіріне дейін берілген өтінімдерді экологиялық реттеу бөлімі қарайды. Жүргізілген талдау бүгінгі күнге дейін І санаттағы 121 нысанның санатын анықтау жұмыстары жүргізілмегенін көрсетті.

Департамент басшысы О.Аққозиев экологиялық реттеу бөліміне Кодекстің 30-бабына сәйкес, мемлекеттік экологиялық саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатында аудандық, қалалық әкімдіктерге және мемлекеттік кірістер басқармаларына хат жолдауды тапсырды. Бүгінгі таңда аудан, қала әкімдіктері мен мемлекеттік кірістер басқармаларымен байланыс орнап, негізгі жұмыстар атқарылды. Мекемелер сайтқа өз өтініштерін жолдап, санаттарын анықтауда. 2022 жылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша порталға 121 нысандарының 4-уі өтінім берді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"